Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
09 Dec 2024

«Сана биігінде жүздесу»


Қасиетті де киелі Отырар өлкесі дарынды, талантты жастарға бай өлке екендігі баршамызға мәлім.

Мәдениет сарайында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен сондай талантты жастарымыздың бірі, поэзияның дамуына шамасы келгенше өз үлесін қосып келе жатқан жас ақын Тұрсынай Қайратқызының «Сана биігінде жүздесу» атты әдеби рухани кеші өтті. Кешке ақын, әдебиетші, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Абай Қалшабек, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Батырхан Сәрсенхан, ақын, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Нұрғали Сердалиев қатысты.

Кеш Тұрсынайдың өміріндегі сыни сәттерін баяндайтын сахналық қойылыммен ашылды. Кеш барысында ақындар өлеңдерін оқып, көрермендердің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Тағдырдың салған сынағына мойын ұсынбай жоғары білім алған, өзінің ақындық қырын танытып, өзгелерден ерекшелігін дәлелдеп, үлгі көрсетіп келе жатқан Тұрсынай көпшілік алдында өз туындыларын оқып, көңіліне жақын әндерді орындады.

Кеудесін өлең кернеген, көпшілікті өлең-жырларымен баурап жүрген Тұрсынай Қайратқызына шығармашылық кешің құтты болсын дей келе, мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, отбасына амандық тілейміз!