Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
23 Oct 2024

«Әділетті Қазақстан – Адал ұрпақ»


Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс. Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз Адал азамат болуға ұмтылуы қажет. Сонымен бірге, жас ұрпақты Адал азамат етіп тәрбиелеу аға ұрпақтың міндеті. Осы мақсатта аудандық орталық кітапханада «Жастар» ресурстық орталығының қызметкерлерімен және орталық кітапхана қызметкерлері арасында «Әділетті Қазақстан - Адал ұрпақ» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында рухани адамгершілік және азаматтық - патриоттық тәрбие туралы айтылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар айтылды. Бір сөзбен айтсақ, қоғамдағы ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау алады. «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» дегендей бүгінгі «Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді. Адал ұрпақ тәрбиелеу - қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе екені тереңінен түсіндірілді.