Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
28 Aug 2024

#28_тамыз_Өзбекәлі_Жәнібектің_туған_күні


...Өзбекәлі ұлттың санасын ояту үшін жаңа жыл мерекесін де шебер қолданды. Оның бір қасиеті - әлемнің қай қаласына барса да, халыққа қуаныш сыйлайтын мәдени элементті ілестіріп ала келетін. Шамасы "Мұз қалашық" деген кереметті Мәскеуден көрсе керек-ті. Мұндай қалашық Алматыда жоқ-тын.

Ол 1971 жылы Арқалықтың қақ ортасында мұздан кірпіш ойдырып, кішігірім қала тұрғызды. Оның ішіне сырғанақ, хоккей алаңын салдырды. Сол арқылы Алдар көсе, Қожанасыр, Жиренше, Қарашаш ана, Тазша бала, Қаңбақ шал образын халықтың бейсанасына сіңіріп жіберді. Бұл кішкентайларды ертегілер әлеміне енгізіп жіберетін мұғжизаның нағыз өзі еді. Осыдан соң балалардың бәрі сол кейіпкерлерді іздеп жүріп оқитын кітапқұмар балаға айналды.

Өзбекәлінің бір қасиеті - істеген ісін ешқашан бадырайтып көрсетпейді. Және соны біреудің мақтап айтқанын ұнатпайды. Сондықтан оның өміріне қатысты материал жинағанда кәдімгідей терең қазуға тура келді. Айталық, ол өзінің "Тағдыр тағылымы" кітабында мынадай қысқа дерек береді: "Сөз орайына қарай айта кететін жайт - манағы музей бұйымдары арасынан Ахмет Яссауи қабірінің көне жамылғысы табылды".

Былай қарасаң, елеусіз ғана бір сөйлемнен тұратын жаңалық сияқты. Ал терең үңілсеңіз үлкен әрі маңызды жәдігер болып шығады.

"ӨЗБЕКӘЛІ жәнеМӘДЕНИ МАЙДАН" кітабынан.