Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
27 Aug 2024

«Ислам діні және халқымыздың әдет-ғұрыптарының қабысуы туралы не білеміз?»


Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен ауданымыздағы "Арыстанбаб" орталық мешітінде "Ислам діні және халқымыздың әдет-ғұрыптарының қабысуы туралы не білеміз?" атты теолог маманның кеңесі өткізілді. "Арыстанбаб" орталық мешітінің бас имамы Әбусейіт Бақыт Насырұлы Ислам дінінің ғасырлар бойы халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен бірге қатар келе жатқаны, бабаларымыздың Ислам дінінен қуат алып, қастер тұтып, атадан балаға аманат қылып, жүрекке дарытып келе жатқан асыл қасиеттері жайлы кеңінен айтып өтті.

"Арыстанбаб" орталық мешітінің найб имамы Әбдуәлі Жұбаныш Сеікбайұлы: Дін - адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет. Дәстүрді дәріптеп ата-бабаларымыздан қалған асыл мұра деп қадірлеп ұстансақ діннен де шет қалмасымыз анық. «Дінді ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» дегендей, ата-бабамыздан бері жалғасып келе жатқан дәстүрлі дініміз бен әдет-ғұрпымызды қадірлеп, құндылықтарымызды дұрыс сақтай алсақ қана теріс ағымдар насихатына тосқауыл қоя аламыз, деп атап өтті.