Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
07 Aug 2024

«Кітапханалық қызмет көрсету: функциялары мен принциптері»


Кітапхананы дамыту бөлімінің  ұйымдастыруымен «Кітапханалық  қызмет  көрсету:  функциялары  мен  принциптері» атты тақырыпта  зерделі кеңес болып  өтті. Күн тәртібінде ауылдық кітапханашылардың жұмысында отбасылық оқу  мәселесін көтеру.  Кітапхана әдіскері  Р.Пернебаева «Орталықтандырылған  кітапхана жүйесі қызметіне талдау» жасап, бірінші  жарты  жылдық  есепте жіберілген  кемшіліктер туралы айта келіп, өтетін  іс-шараларды жаңа форматта  өткізу  мәселесі туралы әдістемелік кеңес беріп өтті. Бұдан соң зерделі кеңес бағдарламасы бойынша Көкмардан, Шытты ауылдық кітапхана меңгерушілері  С.Сұлтанбек, Г.Елемес «Кітапхана – оқырман  мен  кітап  арасындағы алтын көпір» «Ауыл кітапханасындағы отбасылық оқу үрдісі» атты тақырыптарда өздерінің іс-тәжірбиелерімен  бөлісті. Зерделі кеңестің келесі бағдарламасы бойынша «Кітаптың отбасылық тәрбиеде алатын орны» атты тақырыпта әріптестер арасында дөңгелек үстел өткізіліп, «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттердің қалыптасуына кітап оқудың пайдасы бар ма? Бар болса қандай?»,  «Балаларыңыздың кітап оқуға тартуда қандай әрекет етесіз?» деген сұрақтар төңірегінде кітапханашылар өз ойларын ортаға салды. Әдіскер Р.Пернебаева  отбасылық оқытудың тиімділігін айта келе, ауылдық кітапхана меңгерушілеріне «Оқимын мен, оқисың сен, оқимыз барлық әулетпен!» атты бастамамен  көпшілік  іс-шаралар өткізуді ұсынды. Зерделі кеңестің соңында кітапханашылар арасында «Миға шабуыл: Кітапханашы ойлайды, іздейді, шешеді» атты  іскерлік  ойын  ойнатылып, әріптестердің кәсіби біліктіліктері шыңдалды. Сонымен қатар «Отбасылық  оқу – ұрпақтар руханиятының  байланысы» атты отбасылық байқау мен сұхбаттың сценариі таратылды.