Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
31 Jul 2024

«Фараби елі»


Қазақ даласында қасиетті де киелі жерлер аз емес. Соның бірі және бірегейі – Отырар. Тарихы тылсымға толы көне Отырар өңірінің өткені мен бүгінін танып-білу, қастерлеу - әрбір Алаш баласына парыз.

Бүгін аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, өзінің азаматтық парызын адал атқарып жүрген тұлғаларымыздың бірі, өлкетанушы, бірнеше тарихи-ғылыми еңбектердің авторы, Отырар ауданының Құрметті азаматы Жұмашев Абдулла ағамыздың жақында ғана жарық көрген «Фараби елі» кітабының тұсаукесер рәсімі Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейінде болып өтті.

«Музей-адам» атына лайықты жанкешті жан Абдулла Жұмашевтің бұл еңбегінде:

Отырар алқабының қолөнері, Отырар алқабындағы ежелгі су жүйелері, Әбу Нәсір әл-Фарабидің мұраларына қамқорлық жасау, қазіргі Әбу Нәсір әл-Фараби музейіндегі сирек қолжазбалардың әдебиеттер каталогы, Қазақстан делегациясының Сирияға сапары, ежелгі мешіт және мектеп-медреселер мен елге еңбегі сіңген азаматтар туралы тың деректер беріліп отыр. Әрине, мұның барлығы да ұрпақ үшін жасалынып отырған құнды деректер.

Бұған дейін де бүгінгі бас кейіпкеріміз Абдулла ағамыздың Отырар тарихын түгендеуде еткен еңбектері орасан зор.

Жас ұрпақ өз халқының тарихын, мәдениетін түбірінен түйсінуі қажет, оның ерекшелігі мен артықшылығын айқын ажыратып, аялай білуі тиіс. Міне, сол тарих пен мәдениеттің мәйегі - бүгінгі жаңа кітап десек артық айтпаймыз. Кітап – баршамызға аманат. Осы аманатты сіз болып , біз болып бірге жұмыс жасап, жас өскелең ұрпаққа насихаттауымыз керек.