Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
16 Jul 2024

«Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясы


Кітап – елдің байлығы, кітапхана- мемлекеттің олжасы.

Ауыл халқының рухани құндылықтарын арттыру, ауылдық кітапханалардың кітап қорын молайту мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министірлігі тарапынан «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясы жарияланған.

Ел үшін есімдері айырықша қымбат тұлғаларымыздың туған жеріне, еліне құрмет ретінде ауылдардың арнайы тізбегі жасалған. Түркістан облысы бойынша Тұрар Рысқұлов ауылдық кітапханасына, Созақ аудандық орталық кітапханасына және Отырар ауданынан Шәмші Қалдаяқов және Отырар ауылдық кітапханалары таңдалынып алынған.

Бүгін Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының өкілдері жазушы, публицист Саттар Ерубаевтың туған жері Отырар ауылдық кітапханасына осы акция бойынша 100 кітапты сыйға тарту рәсімін өткізді.

Бұл шараға Отырар ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрқұл Ердемқұлов, Саттар Ерубаевтың немере қарындасы Гүлсара Райымхан қатысып Саттар Ерубаев туралы естеліктермен бөлісті.