Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
07 Jun 2024

«Зиянды әдет – қоғамдық дерт»


Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі – оның денсаулығы. Денсаулық баға жетпес байлық, адамның ең қасиетті де құнды, жоғалса қайта орны толмас асыл қазынасы. Өмір - өмір сүру үшін беріледі. Біздің ата-бабаларымыз кең далада еркін өсті. Олар ойын да, бойын да таза ұстады. Ақыл-ойды улап, адамды есінен тандырып, мас қылатын арақ-шарап дегеннен аулақ болды. Жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында № 20 Д.

Құрманбек атындағы колледж студенттері арасында «Зиянды әдет – қоғамдық дерт» атты пікір алмасу кеші болып өтті. Кеш барысында студенттер:

«Жастық шақтың тамырына балта шабылмасын.Өзіміздің өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті есірткі, темекі, алкаголь сияқты т.б. зиянды заттарға әуес болмайық. Ертеңгі жарқын болашақ біздің қолымызда», - деп өз ойларын ортаға салды.