Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
27 May 2024

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға шексіз мүмкіндік» жобасы бойынша ақпарат

Атауы «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға шексіз мүмкіндік»
Мүмкіндіктері шектеулі оқырмандармен жұмысты жетілдіруге арналған бағдарлама
Жетекші Отырар аудандық орталықтандырылған «Отырар»кітапхана жүйесінің директоры А.Рыскелді
Бастамашы «Отырар аудандық орталықтандырылған «Отырар»кітапхана жүйесі» КММ
Мақсаты мен міндеттері - мүмкіндіктері шектеулі жандарға ақпараттық көмек беру;
- стационардан тыс ақпараттық қызмет көрсету;
- олардың әлеуметтік бейімделуіне көмек беру;
- кітапхананың электронды қызмет көрсету сферасындағы мүмкіндігін кеңейту.
- бекітілген кесте бойынша мүмкіндігі шектеулі (көзі әлсіз көретін және зағип) жандардың үйлеріне кітап, газет - журнал апарып оқып беру;
- ППТК ММ – сі оқырмандарына үндендірілген, дыбысталған кітаптар  тыңдату;
- мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасайтын мекемелермен өзара тығыз байланыста болу;
- мүмкіндігі шектеулі жандардың кітапханамен байланысын нығайту үшін іс- шаралар ұйымдастыру.
Күтілетін нәтиже - мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін кітапханалық сервисті жақсарту;
- интернет жүйесі арқылы ақпарат алмасуға мүмкіндік жасау;
- өмірге құштар жандардың дарын қабілетін көпшілікке паш ету;
- қоғам ортасында тең екендіктерін сезініп жүрулеріне қамқорлық жасап, қолдау көрсету.
Қосымша ақпарат - Тоқсанына бір рет іс-шаралар ұйымдастыру.
Стейкхолдерлер және басқа да қатысушылар Жоба жетекшісі: Аудандық орталықтандырылған «Отырар» кітапхана жүйесінің директоры А.Рыскелді
Жауапты маман: Көзі көрмейтін және әлсіз көретін оқырмандарға арналған кітапхана нүктесінің кітапханашысы Ф.Сихымбаева