Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
11 May 2024

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ТҰРҒЫНДАР «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА


«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығында Қазығұрт ауданында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оры орайда аудандағы Тұрбат ауылдық округінде өзен бойлары, арық-атыздар, қашыртпа каналдар қоқыстан тазартылып, кеңейтілді. Игі шара ауыл ақсақалдары мен тұрғындары, жастар мен еріктілер, мемлекеттік және қоғамдық қызметшілердің қатысуымен өтті.

Бүгінде Қазығұрт ауданында атаулы экологиялық акцияның әр аптасында тұрақты түрде ауқымды тазалық шаралары атқарылып жатыр. Атап айтқанда, республикалық және облыстық маңызы бар көше бойларында, елді мекендерде, көпшілік орындарда және тұрғындардың жеке жайларында ағаш және гүл көшеттерін отырғызу, қоқыстардан тазарту, әктеп-әрлеу сынды жұмыстар жүргізілуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі