Арыста «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өз жалғасын табуда.
Айтулы шараға орай, Арыс қаласының ерікті жастары, қала аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы – тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізетін бастамалардың бірі. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында ұйымдастырылған шара барысында Арыс қаласында ауқымды шаралар өтпек.
Осы ретте барша тұрғындарды игі шараға атсалысуға шақырамыз.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.