Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
02 May 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» НАУҚАНЫНА КЕНТАУЛЫҚТАР БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСУДА


1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында Кентау қаласына қарасты екі мың жылдық тарихы бар Қарнақ ауыл тұрғындары, қоғамдық ұйымдар, ардагерлер ауыл орталығына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Бүгін де елімізде жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы бастау алған. Ауыл тұрғындары ауылдың орталық көшелерін күл-қоқыстардан тазартып, түрлі гүлдер отырғызды.

Аға буындар өнегелі істерімен өскелең ұрпақтарға үлгі беру мақсатында игі істерді жүзеге асырып, ауылды көгалдандыруда, тазалығын сақтауда жастарды белсенді болуға шақырды. Дамудың даңғыл жолындағы еліміздің өркендеуі ауылдан бастау алатынын атап, ауылды көркейту әрбір тұрғынның парызы екенін сөз етті.