Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
23 Feb 2024

«Ұлт мәдениетінің қамқоры»


Аудандық Орталық «Отырар» кітапханасы мен «Белсенді ұзақ өмір орталығы» мекемесімен бірлесіп тарихшы, өлкетанушы, ақын, суретші, ҚР еңбек сіңірген қызметкері, Отырар ауданының құрметті азаматы Асантай Әлімовтың туылғанына 95 жыл толуына орай «Ұлт мәдениетінің қамқоры» атты еске алу кеші болып өтті.

Кітапхана қызметкері Жамила Серікқызы Асантай Әлімов туралы мағұлматтар берді. Кешке «Белсенді ұзақ өмір орталығы» мекемесінде қызмет алушы қарияларымыз  қатысты.

Кеште А.Әлімовтың көзін көрген Отырар ауданының құрметті азаматы Жаңабай Сатыбалды: А.Әлімұлы өзінің жас өлкетанушы оқушыларымен бірге қысы – жазы тау мен тасты аралап, 40 жыл бойы 20 мыңнан астам жәдігер жинап, Д.А Қонаевқа хат жазып, музей ашуға рұхсат алып, Отырардан үш қабатты музей салдыртқан ұлы өлкетанушы, XX ғасырдың «Музей адамы» деп атап өтті.

Белсенді ұзақ өмір орталығы мекемесінің ардагерлер төрағасы Бейсенбай Махамбет, Түкібаев Есен Асантай Әлімов туралы естеліктермен бөлісті.

Соңында Атенова Тұрсынкүл апамыз ана туралы әсем әнімен қорытындылады.