Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
27 Sep 2023

"Кітап Travel - 2023" акциясына орай мәдени шара болып өтті.  

Түркістан облыстық Фараб кітапханасының төрінде Отырар аудандық  орталық  кітапханасының ұйымдастыруымен "Кітап Travel - 2023" акциясына орай мәдени шара болып өтті.  

Әжелер тобының әсем әнінен бастау алған бұл мәдени шараны аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлы, Білім беру саласының үздігі, жәнібектанушы Айғаным Серім, мәдениет саласының үздігі Ұлжан Мұстафаева және Фараб кітапханасы директорының орынбасары Рысбек  Летаев ашып, акция  аясында келелі ой-пікірлерін айта келе, ізгі тілектерін білдірді.

Отырар кітапханасының директоры Айнагүл Смайылқызы халықты кітап оқуға бет бұрғызу мақсатында ұйымдастырылған акцияға орай  Фараб кітапханасының қорына үш жүзге жуық кітап және сирек кездесетін шағатай тіліндегі қолжазбаны сыйға тарту етті.

Шара барысында "Көне де жаңа Отырар - қазақ тарихының алтын тұмары" атты кең көлемдегі кітап көрмесі таныстырылып, аудан өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты.

Қонақтар мен оқырмандар осынау тағылымы мол шара үшін ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.