Отырар аудандық оралықтандырылған «Отырар» кітапхана жүйесі бойынша 2024 жылдың І – ші жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы қысқаша мәлімет Отырар ауданы бойынша 25 кітапхана (1 аудандық орталық кітапхана, 1 орталық балалар кітапханасы және 23 ауылдық кітапхана) халыққа қызмет көрсетеді. Негізгі көрсеткіштер: Барлық кітап қоры - 296560 Аудандық орталық кітапхана кітап қоры - 55338 Балалар кітапханасы кітап қоры - 22699 Жаңа кітаптар саны - 2243 Барлық оқырман саны - 1510 Кітап берілімі - 162398 Келушілер саны - 81736 Материалдық-техникалық базаны нығайту жағдайы: 2024 жылға жергілікті бюджет есебінен материалдық-техникалық базаны нығайту үшін берілген 956, 0 (тоғыз жүз елу алты.) мың теңгеге 3 компьютер, мемлекеттік ту алуға үшін 50, 0 (елу) мың теңге, құрылыс заттарын алу үшін (эмульсия, краска) алу үшін 648,0 (алты жүз қырық сегіз) мың теңге жұмсалды Кітапханаларды компьютермен қамтамасыз ету жағдайы: - Мекеме бойынша барлық компьютер саны - 38. Барлық кітапхана компьютермен қамтамасыз етіліп, интернет желісіне қосылған . - Аудандық орталықтандырылған «Отырар» кітапхана жүйесі бойынша кітапханалық қызметін цифрландыру жүйесіне көшіруде MEGA-РАБИС бағдарламасы енгізілген. Бұл бағдарлама бойынша каталогтау және іздеу қызметтері оқырмандарға электронды түрде қызмет көрсетіп отыр. 2023 жылдан бастап www. Otyrarkitap.kz кітапхана сайты жұмыс жасауда. Кітапханаларды кітап қорымен толықтыру жұмысы: 2024 жылы кітап қорын толықтыру үшін барлығы 5,000 (бес млн) теңге қаралған. Оның 3,000 (үш млн) қаржысы кітап алу үшін, 2,000 ( екі млн) қаржысы кітапханаларды мерзімдік басылымдармен қамтамасыз ету үшін қаралып отыр. 2024 жылдың І- ші жартыжылдығында 1910,0 (бір млн. тоғыз жүз он мың) қаржысына 672 дана кітап сатып алынды. 25 кітапхананы мерзімдік басылымдармен қамтамасыз ету үшін 2024 жылдың 6 айында 1200,0 (бір млн. екі жүз) қаржысы игеріліп, оған 233 дана газет -журналдар алынып отыр. Өткізілген мәдени іс-шаралар саны - 215 Оның ішінде: онлайн - 39 оффлайн -176 Қатысушылар - 5754 Іс-шараға жұмсалған қаржы - 1390,0 - «Бабалар мұрасы - ұрпаққа ұлағат» атты қисса-дастандарды мәнерлеп оқу аудандық байқауы; - Отырар аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Қазыналы керуен» облыстық акциясы; - Отырар аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Мұқағали оқулары» аудандық байқау; - Түркістан қаласында өткен «Ұлттық тағамдар» көрмесіне қатысу; - «Менің бақытым - қаламым мен домбырам» деп ғибратты ғұмырын сөз өнеріне арнаған Әселхан апамыздың шығармашылығына арналған V аудандық «Әселхан оқулары» байқауы; - Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ауғанстан:ХХ ғасыр қасіреті мен қаһармандығы» атты кездесу кеші; - «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» мерекелік кеш; - «Жастар - елдің оң күші» пікірталас - диалог; - Ауылдық кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Ең үздік ауылдық кітапханашы» атты аудандық байқау; - Отырар аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Kitap шоу - 2024» мерекелік кітап фестивалі; - Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Фараби оқулары» атты аудандық байқауы; - Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Ақылдыммен Ақылдымын» атты аудандық іріктеу - байқауы өткізілді. - «Бір ел бір кітап» акциясы бойынша Б.Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған «Бар өмірін балаларға арнаған» оқырмандар конференциясы. Кадрлық құрамы: Барлық қызметкерлер саны - 63 Оның ішінде шығармашылық қызметкерлер саны - 43 2024 жылдың жетістіктері: - Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында жасөспірімдер және балалар арасында «Бабалар мұрасы - ұрпаққа ұлағат» атты қисса-дастандарды мәнерлеп жатқа айтудан «Ер Тарғын» эпосы бойынша облыстық байқауында Берік Кәусар бас жүлде (500 мың), Зайнидинов Нұрбақыт орын (150 мың) иеленіп,арнайы сыйлықтармен марапатталды. - Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында жасөспірімдер және балалар арасында «БАБАЛАР МҰРАСЫ - ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ» атты қисса-дастандарды мәнерлеп, жатқа айтудан облыстық байқау болып өтті. «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Балажан Абай Бекназарұлы қазылық еткен бұл байқауда «Мұңлық-Зарлық» дастанын мүдірмей айтып шығып, қарсыластарынан оза шапқан көксарайлық оқырманымыз, Әуезов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 8 сынып оқушысы Бабахан Кәусар жүлделі 1 орынды (300 мың) иеленді. - Облыстық «Фараб» кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Азамат кітапханашы» атты байқауында кітапханалық процесстерді автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Таменов Жасұлан І-ші орынды иеленді.