Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2

Ақпараттық-библиографиялық қызмет

       Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету – оқырмандарға олардың талап-тілектері бойынша библиографиялық қызмет көрсету.

       Анықтамалық-библиографиялық қызмет көбінесе «сауал-жауап» режимінде өтеді.

       Барлық сауалдар мен анықтамалар ең алдымен библиографиялық және фактографиялық деп бөлінеді.

Анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету жүйесінің негізгі функциясы «тапсырыс-жауап» режимінде кітапхана оқырмандары мен қолданушыларына тікелей қызмет көрсету болып табылады.

        Ақпарат тұтынушыларына қызмет көрсету бірнеше тармақтары бар анықтамалық-библиографиялық аппаратты пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Оның маңызды тұсы –  анықтамалық-библиографиялық қор, оған барлық білім салалары бойынша отандық және шетелдік энциклопедиялар, жалпы, салалық және белгілі бір тақырыптарға арналған арнайы анықтамалықтар, сөздіктер, ұлттық библиография (кітап жылнамасы (КЛ), журнал мақалаларының жылнамасы (ЛЖС), газет мақалаларының жылнамасы, библиографиялық құралдар, библиографиялық көрсеткіштер, реферативті журналдар кіреді.

Оқырмандардың ақпараттық сұраныстарын орындау үшін кітапханада құрастырылған мәліметтер базасы (МБ) қолданылады.

 

Анықтамалық қызмет көрсетудің негізгі бағыттары:

 

- дәстүрлі және электрондық ресурстарды қолдана отырып, библиографиялық тапсырыстарды орындау;

- библиографиялық құралдарды қолдану мәселелері бойынша  оқырмандарға кеңес беру;

- қорды қалыптастыру жұмыстары.

 

Анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету    бойынша  оқырмандарға келесі қызмет түрлері көрсетіледі:

 

а) Анықтамалық-ақпараттық қызмет:


- библиографиялық анықтамалар беру (ауызша және жазбаша түрде);
- ғылыми-зерттеу жұмыстарына керекті әдебиеттер тізімін құрастыру;
- өз бетінше библиографиялық іздеу әдістемесі бойынша кеңес беру;
- ғылыми мекемелерге сигналдық ақпарат беру.

 

ә) Сервистік қызмет:


- қолданушылардың документтерінің көшірмесін жасау.

- құжаттарды сканерлеу.

 

б)Жаңа түскен басылымдар көрмесі

Жаңа түскен басылымдар бойынша көрме ұйымдастыру кітапхана қорына түскен алғашқы құжаттарды насихаттаудың  жедел формасы болып табылады. Көрме апта сайын жаңартылады. Әдебиеттер басылым түрлері бойынша топтастырылып, білім салалары бойынша  орналастырылады. Көрмеге келушілерге мақалалар көшірмесін түсіріп алуға және әдебиеттерге бөлім қорларына түскеннен кейін тапсырыс жасауға мүмкіндік жасалған.  

     

 Ақпараттық қызмет көрсетудің мақсаты – жалпы  ақпараттық қажеттілікті қанағаттандыру.

 

Библиографиялық консультация - тақырыптық анықтамаға өте жақын, бір жолғы сауалға библиографиялық іздестірудің жолдары мен құралдарын дербес пайдалану жөнінде ақыл-кеңес беру.