Қазақ халқы үшін қолөнер – жай ғана кәсіп емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан асыл мұра. Сұхбат барысында Шолпан апайымыз өнерге келу жолы, төзім мен табандылықты талап ететін шығармашылық еңбегі туралы әсерлі әңгіме өрбітті.
Өнердің әр туындысында үлкен еңбек пен жүрек жылуы бар. Әрбір бұйым – уақыт пен төзімнің жемісі. Шебер апайымыз өз тәжірибесімен бөлісіп, қолөнердің бала тәрбиесіндегі, оның ой-өрісі мен ұсақ моторикасының дамуына тигізер пайдасын да атап өтті.
Сонымен қатар, шәкірттердің де жұмыстарын тамашаладық. Кездесу соңында кітапхана ұжымы атынан шеберге алғыс білдіріліп, естелік кітап табысталды.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.