📚Қазақ халқы үшін қолөнер – жай ғана кәсіп емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан асыл мұра. Сұхбат барысында Шолпан апайымыз өнерге келу жолы, төзім мен табандылықты талап ететін шығармашылық еңбегі туралы әсерлі әңгіме өрбітті. 📚Өнердің әр туындысында үлкен еңбек пен жүрек жылуы бар. Әрбір бұйым – уақыт пен төзімнің жемісі. Шебер апайымыз өз тәжірибесімен бөлісіп, қолөнердің бала тәрбиесіндегі, оның ой-өрісі мен ұсақ моторикасының дамуына тигізер пайдасын да атап өтті. 📚Сонымен қатар, шәкірттердің де жұмыстарын тамашаладық. Кездесу соңында кітапхана ұжымы атынан шеберге алғыс білдіріліп, естелік кітап табысталды.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.