Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
15 Nov 2025

Жеңіс құтты болсын, Гүлзира!

Жеңіс құтты болсын, Гүлзира!

13 қараша – Халықаралық зағиптар күніне орай Шымкент қаласында ерекше қажеттіліктері бар жандардың шығармашылық әлеуетін дамыту, олардың өнерін таныту, қоғамдағы инклюзивті мәдениетті насихаттау және тең мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында өткен «АРМАН ШЫҢЫ» республикалық инклюзивті шығармашылық фестиваліне отырарлық Гүлзира Садықова қатысып, «Тактильді өнер» номинациясы бойынша жүлделі II орынға ие болды!

Бойындағы талантымен, мұқалмас ерік-жігерімен ерекше көзге түскен Гүлзираға жеңісің құтты болсын дейміз!

Бұл жеңіс – жай ғана орын емес, бұл – Гүлзираның темірдей төзімділігінің, талмайтын еңбегінің және өмірге деген сүйіспеншілігінің шыңы!

Біз Гүлзираның осы жетістігіне шын жүректен қуанып, алдағы асуларды да бағындыра беретініне сенеміз!

Жарығың сөнбесін, Гүлзира! Армандарыңның шыңы саған әрқашан жақын болсын!