Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
28 Nov 2025

Жұмекен Нәжімеденов

Бүгін қазақ поэзиясының алтын сандығына өшпестей із қалдырған ақын, Әнұранымыздың авторы Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 90 жыл толды. Осыған орай оқырмандар арасында оның мол мұрасын насихаттау мақсатында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен "Шалқар дарын иесі -Жұмекен" атты оқырмандар конференциясы өтті. Іс-шара барысында оқырмандар ақынның өмірбаяны мен еңбек жолына тоқталып, шығармалары кеңінен насихатталды. Ақынның "Әке", "Поэзия" өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Қазіргі өскелең ұрпақ Жұмекенді жыр сарбазы ретінде таныса, кітапханашылар оның дарынды күйші болғанын да айтып өтті. Құрманғазы мен Мақаш туған өлкеден шыққан күйшілердің жалғасы болған Жұмекен солардан қалған асыл тұяқ еді. Құрманғазының "Қайран шешем", "Адай", " Түрмеден қашқан" т.б.күйлерін өлеңмен өрнектеген ақын.

Жұмекен Нәжімеденов - қазақпоэзиясына өзіндік өрнегін салып келген, елдің елдігін, мұңын, қуанышы мен қайғысын бірге көтерген қазақ жырының тұңғиық ақын болып қала береді.

Бұл іс-шара "Бір ел - бір кітап" акциясы шеңберінде ұйымдастырылды.