Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
06 Oct 2025

"Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу"

 

Отырар кітапханасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында ауылдық кітапхана меңгерушілерінің қатысуымен "Жолдау - болашаққа жасалған сенімді қадам" атты ақпарат сағаты болып өтті.

"Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық" деп данышпан Абай айтпақшы, қай заманда да жақсылыққа ұмтылған, ізденімпаз адамның да, қоғамның да бір қадам алда болатыны дәлелденіп келеді. Қазіргі озық технологиялар дәуірінде бұл тіпті айқындала түсті. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Қазақстанның үш жыл ішінде жаппай цифрлық ел болуын стратегиялық міндет еткен болатын. Осыған орай жиын барысында қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, әлемде жаңа технологиялардың дамуына байланысты жасанды интеллекттің білім беруде жаңа мүмкіндіктер ашып, ғылымда тың жаңалықтарға жол көрсетіп, өндіріс пен экономиканың тиімділігін арттырып келетіні туралы сөз қозғады.