15 қыркүйек - Отбасы күніне орай аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен ардагер ұстаз, ардақты ана, аяулы әже – Шатаева Нафида әжеміздің шаңырағында болып, «Зере әженің ізімен» атты өнеге сағаты өтті. Бұл шара барысында Нафида әжеміздің ұстаздық жолында жасаған көп жылғы еңбегі мен шәкірт бойына сіңірген тәлім-тәрбиесі туралы әңгіме өрбіді.
Сонымен қатар 1997 жылдары ауыл қариялары мен жастарын ұйымдастырып, төрт жылдық мектепті асарлатып үлкейтіп, тоғыз жылдық мектептің ашылуына мұрындық болғанын айтып өтті.
Сыр-сұхбат барысында әжеміз балаларға өнегелі өмір жолы жайында әңгіме тарқатып, өзі жасаған қолөнер бұйымдарымен таныстырды. Сөз соңында Нафида әже балаларға ақ батасын берді.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.