Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
23 May 2025

"Отбасыда өмір сүру бақыты"

 

Баланың ең сенімді қорғанысы - дені сау, тату , берекелі отбасы. Баланың шат көңілі , бақытты балалық шағынан асқан сұлулық жоқ, оны солай ету -- отбасы мен қоғамның міндеті.Балаларды қорғау күнінің мақсаты - балалардың жақсы өмір сүруі, пікір бостандығына және білім алуына құқылы екендігін еске салу. Мерекеге орай "Отбасыда өмір сүру бақыты" атты отбасылық оқырман бенефисі ұйымдастырылды. Шарамызға кітапханамыздың белсенді оқырманы Әбжановтар отбасы қонаққа шақырылды.Ол өзінің оқыған әдебиеттерін таратып айта келе, балаларды кітап оқуға шақырды.Ұл - қыздары да, кітапханалық іс - шараларға қатысып түрлі байқаулардың жеңімпазы болып жүр. Бүгінгі мерекеде де олар қалыс қалған жоқ. Өздерінің өнерлерін ортаға салды.