Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
15 May 2025

Әбу Нәсір әл–Фараби

 

📌Биыл еліміз үшін елеулі жыл. Олай дейтініміз ұлы ойшыл, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған, киелі Отырар өңірінен шыққан жерлесіміз Әбу Нәсір әл–Фарабидің туғанына 1155 жыл. Осыған орай Отырар ауданының 90 жылдығы аясында Ұлы ғұламаның өмір жолы мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы, Руханият Әбу Нәсір әл-Фараби музейі және Отырар кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында «Адамзаттың ұлы ұстазы» атты облыстық Фараби оқулары байқауы болып өтті.

📚«Даналықтың дәнін сепкен данышпан» атты кітап көрмесін таныстырудан бастау алған бұл байқауда «Әбу Нәсір әл-Фарабидің топырағын туған жерге әкелу» бейнефильмі көрсетілді. Сондай-ақ, байқау шымылдығын аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов пен өлкетанушы, Отырар ауданының Құрметті азаматы Бекжан Бейсенбай алғы сөзбен ашып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіре келе, үміткерлерге сәттілік тіледі.

⚜️Байқауға Түркістан облысының әр ауданынан 11 үміткер қатысып, байқау шартына орай ІІІ кезең бойынша сынға түсті.

🔰 І – кезең: Әбу Нәсір әл-Фарабидің 5 трактатын жатқа біліп, біреуін оқу;

🔰 ІІ – кезең: Әбу Нәсір әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап беру;

🔰 ІІІ – кезең: Әбу Нәсір әл – Фарабидің бір еңбегіне тоқталу, зерделеп, талдап, мазмұнын жеткізу.

✅Байқауға өлкетанушы, Отырар ауданының Құрметті азаматы Бейсенбай Бекжан , Руханият Әбу Нәсір әл – Фараби музейінің директоры Жұмашов Алмас және Отырар мемлекеттік археологиялық музей- қорығының археология бөлімінің меңгерушісі Пәрменқұлов Сәбит сарапшылық жасады.

🏆Үміткерлеріміздің білімдері сараланып, нәтижесінде жетісайлық үміткер 🥉Ибадулла Адина 3 орын, отырарлық үміткер 🥈Балжан Егембердиева 2 орын, Кентау қаласынан қатысқан 🥇Бақтияр Әмина 1 орын иеленіп, түркістандық 🏆Ерболұлы Исматулла Бас жүлдені қанжығасына байлады. Басқа да қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен, алғыс хаттармен марапатталды.

⚜️Әбу Нәсір әл-Фараби: «Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонан соң айтып берейін», − деген екен. Міне, болашағымыз жарқын болуы үшін сол елді ертеңгі күні басқаратын, бастайтын жастарымыз білімді, сауатты, мәдениетті, яғни көзі ашық, көкірегі ояу болуы қажет. Солай болады деп сенеміз.