Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
16 Apr 2025

«Бабалар мұрасы – ұрпаққа ұлағат»

 

Қазақ ауыз әдебиетінің эпостық жырлары мен қисса дастандарын жатқа айтудан жасөспірімдер мен балаларға арналған «Бабалар мұрасы – ұрпаққа ұлағат» облыстық байқау болып өтті. Облыстың барлық аудан, қаласының мектеп оқушылары «Парпария» жырын жатқа айтудан бақ сынады.

​Сайыстың негізгі мақсаты да қазақ халқының сан ғасырлар бойы бастан кешкен тарихын, батырлардың ерлігін, қазақ ауыз әдебиетінің тарихи, эпостық жырларын дәріптеу, балалар мен жасөспірімдердің туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру және ұлттық шығармаларды халық арасында кеңінен насихаттауға бағытталған.

Осы байқауда Отырар ауданының намысын қорғаған Пашан Асылай жүлделі І – орынды жеңіп алса, Қалжан Фариза жүлделі ІІ – орынды иеленді. Асылай мен Фариза қыздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Әрдайым жеңісті күндерінің көп болуына тілектеспіз!