Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
30 Jan 2025

"ГАЛАКТИКАДАҒЫ ҒҰМЫР" КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

 

Поэзия әрқашан өмірді жырлайды, адам жанының тереңіне үңіледі.

Тәңірі берген талантын аялап, ұштап, мол біліммен, ізденіспен таза ақындық жолға аяқ басқан жас толқынның жаңа қадамына қалың оқырман елеңдеп, үміттене қарайды.

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен сондай жас таланттың бірі, отырарлық ақындардың ізін басып келе жатқан ақын Бауыржан Ерманның «Галактикадағы ғұмыр» атты кітабының тұсаукесер кеші өтті. Отырар ауданының 90 жылдығы аясында аталып өткен бұл рухани әдеби кеш Отырар ауданының атаулы күндері мен мерейтой иелеріне арнап ұйымдастырылған кең көлемдегі кітап көрмесін таныстырудан бастау алды. Сонымен қатар кешке жиналған көпшілік жас ақынның шығармашылығы мен өмірі жайында баяндалған бейнефильмді тамашалады.

Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары Тоқсейіт Елекеев пен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов, Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Мәлік Жұмаханұлы кеш кейіпкерін құттықтап, жаңа туындының лентасын қиды.

Кеш барысында ақын өлеңдерін туған ауылындағы өзі оқып, бітіріп шыққан "Отырар" мектебінің оқушылары жатқа оқыды.

Келесі кезекте қонақтарға сөз беріліп, көрермендер Бауыржан ақынға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып тұшымды жауаптар алды.

Көрерменге көтеріңкі көңіл сыйлаған тағылымды кеш Бауыржан Ерманның сөзіне жазылған "Ардақты әке" әнімен аяқталды.