Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына егеменді ел болған күні. Бұл күнді қазақ халқының әрбір азаматы жүрегімен сезінуі тиіс.
Отырар аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік - елімнің бойтұмары» атты тақырыпта тарихи - танымдық кеш өткізілді.
Оқушыларға ата - бабамыздың Тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасалынған бейнеролик көрсетілді.
Шара барысында оқушылар Тәуелсіздік туралы өлең - тақпақтарын жатқа мәнерлеп айтып, ән шырқап, көрініс көрсетіп, викториналық сұрақтарға жауап берді.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.