Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
15 Dec 2024

«Тәуелсіздік - Мәңгілік ел мұраты»


1991 жылғы 16 желтоқсан - төл тарихымыздағы мерейлі белес. Бұл- егемен ел болуды аңсаған ата-баба арманы ақиқатқа айналған күн!

Еліміз үшін құнды да қастерлі болған Тәуелсіздік күніне орай аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік - Мәңгілік ел мұраты» атты тарихи танымдық кеш болып өтті.

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты кең көлемдегі кітап көрмесін таныстырудан бастау алған бұл жиынды аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов алғы сөзбен ашып, тәуелсіздіктің мәні мен мазмұнына тоқталды. Сонымен қатар, тәуелсіздік жылдарындағы еліміз қол жеткізген жетістіктер мен игі өзгерістер туралы айтып өтті.

Кеш барысында желтоқсан көтерілісіне қатысқан аға буын өкілдері сол бір қиын күндерді еске алып, тақырып аясында әңгіме өрбітті.

Аудандық мәдениет сарайының өнерпаздары әннен шашу шашып көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйласа, мектеп оқушылары өз шығармашылықтарынан өлеңдер оқыды.

Кешке арнайы қатысқан зиялы қауым өкілдері тәуелсіздікті алудан да сақтап қалудың қиын екенін айтып, жастарды өз елінің патриоты болуға шақырды.

Кеш соңында арнайы дайындалған бейнефильм көрсетілді.