Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
10 Dec 2024

«Біз кітап оқып жүрміз бе?»


«Адамды адам еткен-кітап, адамзат еткен-кітапхана» деп белгілі жазушы Әбіш Кекілбаев айтқандай, кітап-рухани қазына, замана сыры, тарих шежіресі, оқу мен тәрбие құралы.

«Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы - кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», - деп айтқан еді, ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы. Осы орайда аудандық орталық кітапханада «Біз кітап оқып жүрміз бе?» деген тақырыпта пікір алмасу кеші болып өтті. Қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыруды көздеген бұл шараға Т.Ибрагимов, Жамбыл мектептерінің кітапханашылары, Руханият Әбу Насір Әл-Фараби музейі мен аудандық мәдениет сарайының қызметкерлері, белсенді оқырмандар, студенттер қатысты.

Шара барысында М.Шаханов, М.Мақатаев секілді көрнекті ақындардың өлеңдері оқылып, әсем әндер орындалды. Және де «Құпия қоржын» ойыны ойнатылып, оқырмандарға жазушылардың, ақындардың кітаптары туралы сұрақтар қойылды. Оқырмандар сұрақтарға жауап беріп, өз ұсыныс, пікірлерін ортаға салды.

Жастарға берері мол тағылымды шарадан көпшілік риза болып тарқасты.