Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
05 Dec 2024

«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік»


Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясына орай аудандық орталық кітапханада басқосу жиыны болып өтті.Жиынды жүргізген кітапхана қызметкері М.Шарипбекова жиынның мақсатына тоқталып, қазақ әйелдерінің даналығы, парасаттылығы туралы мысалдар келтірді.

Жиынға «Шуақты аналар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қалдан Байжұман, Отырар АПБ-нің әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Надирова Зубайра Абылайқызы және «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері Нұрсұлтан Мелдехан мен Бауыржан Құдайберген арнайы қатысып, тақырып аясында өз ой-пікірлерін айтып өтті. Сонымен қатар, қоғамда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау және оның жолын кесу, отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған мемлекеттің қабылдап жатқан шаралары туралы кеңінен әңгімеледі.