Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
24 Oct 2024

«Кітапханашы – мәртебелі мамандық»


Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар - ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Кітапханашылар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалаушылар десек артық айтпаймыз.

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан №833 қаулысымен 24 қазан - «Кітапханашылар күні» мерекесі болып бекітілген болатын. Осыған орай бүгін «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» атты кәсіби мерекелік кеш болып өтті. Темір ауылдық мәдениет үйінде өткен бұл кеш «Кітапханашы болу бір бақыт» атты кең көлемдегі кітап көрмесін таныстырудан бастау алды. Кешке арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Құлмаханов Айдос Құлмаханұлы кітап пен кітапхананың маңызына тоқталып, кітапхана қызметкерлерінің аудан мәдениетіне, руханиятына сіңіріп жатқан орасан еңбектерін және «Отырар» кітапханасының үстіміздегі жылы қол жеткізген жетістіктері туралы айта келе, кітапханашыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, игі тілегін білдірді.

Кеш барысында Төлегенова Рысалды Есілбайқызы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанованың «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен, ал, бірқатар кітапханашылар алғыс хаттармен, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Құттыбай Сағынтай Тәтібайұлы, аудандық орталықтандырылған «Отырар» кітапхана жүйесінің директоры Рыскелді Айнагүл Сымайылқызы және кітапхана ісінің ардагерлері кітапханашыларды кәсіби мерекемен құттықтап, алдағы қызметтеріне табыс, сәттілік тіледі. Кеш мерекелік бағдарламаға ұласты.