«Отырар» кітапханасының ұйымдастыруымен «KITAP FEST - 2024» акциясы аясында кітапсүйер қауымға арналған мәдени-әдеби шара болып өтті.
Кең көлемдегі кітап көрмесін таныстырудан бастау алған бұл шарада биылғы жылы мерейтойлары атап өтіліп жатқан ақын-жазушылардың шығармаларына шолу жасалып, жаңа келген әдебиеттер көпшілік назарына ұсынылды.
Кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар сүйікті ақын-жазушыларының өлеңдерін жатқа оқып, көркем шығармалардан көрініс көрсетті.
Сондай-ақ, оқырмандар тарапынан кітапхана қорына сый ретінде кітаптар табыс етілді.
Бұл мазмұнды шараның оқырманға берер тағылымы мол деген сенімдеміз.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.