Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
13 Aug 2024

#Сізге_оқуға_ұсынамыз


«Сағынышпен күткен папамның келуі біздің уайым-қайғымызды лезде таратып жібергендей, көңілді күй кешкенімізді айтып тауыса алмаймын. Дастарқан басында алаңсыз жайбарақат отырғанбыз. Бірақ қуанышымыз ұзаққа бармай, су сепкендей басылды. Ежелден қуаныш пен реніштің қатар жүретіні бар емес пе? Мұндай оқиғаның боларын кім біліпті? Осындай бейжай қалыпта отырғанымызда, сыртқы есік үсті-үстіне қатты қағылды, неге екенін білмеймін, папам асыға киінді де, есік ашатын кісімен ілесіп шығып кетті. Айқара ашылған есіктен сау етіп үйге кіріп келгендердің біреуі - қазақ, басқалары - қару-жарақ асынған орыс солдаттары. Суық түсті кескіндерінен бе, әлде төнген қауіптен бе, қайдам, мамам отырған жерінде құлап, талып қалды. Мұны көргенде қорыққанымнан еңіреп жылағаным есімде...»

Гүлнар Міржақыпқызы Дулатова «АЛАШТЫҢ сөнбес жұлдыздары»