Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
08 Aug 2024

#Сізге_оқуға_ұсынамыз


...Қалың қамысқа қарай жүгіргені есінде. Артынан қалмай келе жатқан Асанның ырсылдаған дауысы, "Тоқта!" деп айқайлаған өкімет адамдарының ышқынған айқайы, гүрс етіп атылған мылтық дауысы, құлақ түбінен "зың-зың" етіп, өтіп жатқан оқтар есінде.

Қамысқа қарай етбетінен құлады. Алғашқыда "оқ тиіп құлаған екем" деп денесін қозғап көріп еді, жоқ, еш жері ауырмады. Сүрініп құлаған екен.

Қалың қамыстың арғы бетінен тасырлаған ат тұяғының дыбысы естілді. Ойға түсуге әрекет етіп орнынан тұра бергені сол еді, оң иығына бір ауыр нәрсе келіп ұрылып, жұлып әкетіп бара жатқандай болды. Қисая құлап бара жатқанында, бел тұсынан әлгі ауыр нәрсе қайта тиіп, терең сайға қарай домалап бара жатқаны ғана есінде.

Сағындық Қыдыр "АЛДЫМ - САҒЫМ, АРТЫМ - САҒЫНЫШ" кітабынан толық оқи аласыздар.