Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
16 Jul 2024

#Сізге_оқуға_ұсынамыз


...Екі күннен кейін Өзбекәлі нөкерлерін ертіп театрға келді. мен қысылғанннан қуысқа кіріп, тығылып тұрмын. Бәрін жинады да, директорға қарап:

- Қайда әлгі батыр? Шақырыңдар! - деді дауыстап.

Менің зәрем зәр түбіне кетті. Басым салбырап, аяғымды сүйрете басып, алдына әрең келдім. «Боқтағаным үшін сотттататын шығар» деп қорқып тұрмын. Ол театр әртістерінің көзінше дауыстап: - Өткенде мен бұл бауырымның намысына тиіп, ренжітіп алдым. Сол үшін кешірім сұрайын деп келдім. Кешіре алсаң кеш, Мұхтар бауырым! - деп менің қолымды алды.

Мұндай сөз күтпеп едім, көзімнен жас бұрқ ете қалды.

-Керісінше, аға, сіз мені кешіріңіз! Менікі оңбағандық болды, - дедім даусым дірілдеп.

Жалғасын «ӨЗБЕКӘЛІ және мәдени майдан» кітабынан оқи аласыздар.