Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
01 Jul 2024

КҮЙ ҚҰДІРЕТІ


...- Күй сіңімді болуы үшін тарихын білген абзал, - дейді домбырашы Роман Борисович, - сонда ғана мазмұнын ұғып, мағынасына жетесің. Менің ойымша күйді тартпас бұрын ,алдымен ондағы қатпар - қатпар ойды, қилы-қилы оқиғаны тыңдарман қауымға айтып жеткізген дұрыс. Күй - қазына дейді ғой. Осы сөздің жаны бар. Күй тарихын зерттеген адам қазақ жұртының бар тарихын қоса білер еді. Өйткені күйдің шығуы, ондағы сыр мен сипат еліміздің өткенін айтады емес пе?

Музыкасын тыңдап, сол жұрттың бар болмысын, табиғатын аңғаруға болады. Мәселен, мен сүйіп орындайтын "Ерке сылқым" жүрек қылын шертетін әуен ғана емес, қазақ қыздарының әдемілігін, инабаттылығын, еркелігін сипаттайтын шығарма!

Егемен Қазақстан. 1 маусым, 2022 жыл.

...Тарих тереңіне шегінсек, аты-шулы "58 - статья" РСФСР бойынша 1927 жылы 6 маусымда заңға кірген де, соның негізінде миллиондаған кінәсіз адамдардың тағдырын тәлкек етіп өмірін үзген. Осы бап бойынша талай көзі ашық азаматтар ешбір дәлелсіз тұтқындалып, атылып, айдауға ұшыраған. Ұлтының тағдырына араша түсіп, өзі де жазықсыз жазаланған қайсар азамат-күйші Ахметжан Сармантайұлы қазақ даласына ерекше зобалаң әкелген үкіметті айыптап, халық күйзелісін, ыза-кегін, өксік-өкінішін жеткізетін "58 - статья" күйін шығарған екен.

КСРО деп аталған бір алып мемлекеттің тарихында қарамен жазылған халық қасіреті жайлы бірде-бір ақын, сазгер атын "58" деп атап музыка, ән шығарған жоқ. Қазақтың қара домбырасының құдіретімен елді қан қақсатқан жойқын саясатты айыптап кеткен - Сармантайдың Ахметжаны.

Егемен Қазақстан. 29 маусым, 2018 жыл.