Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
26 Jun 2024

«Нүктеден құрылған сөздер»

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Нүктеден құрылған сөздер» Брайль алфавитін ауылдық кітапханашыларға үйрету сабағы өткізілді. Бедерлі Брайль жүйесі – зағиптар үшін өте тиімді әрі қажетті дүние және бұл өз кезегінде өзегін өкініш кернеген жандардың өмірге құштарлығын оятуда жасалған игі бастама екендігі жайлы аудандық зағиптар қоғамының төрағасы Ахаев Пернехан әңгіме қозғады.

Бұл әліпби көзі көрмейтін адамдарға жазу мен оқуға мүмкіндік береді. Көру қабілеті нашар жандар үшін бұл қаріп тек байланыс құралы ғана емес, тілдік сауатты дамытудың бір жолы болып табылатынын және Брайль шрифтіндегі әріптерді тифлопедагогтың, кітапханашының көмегімен не өз бетімен де үйренуге болатыны жайлы кітапханашы Ф.Сихымбаева түсіндіріп, арнайы брайль қаріпімен жазып, оқу тәсілдерінің үлгісін көрсетті.