Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
17 Jun 2024

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА ТЕГІН ҮЙІРМЕЛІК ЛАГЕРЬ АШТЫ

Түркістан қаласындағы «Оқушылар сарайы» 6-12 жас аралығындағы балалар үшін жазғы тегін лагерін ашты. Балалар онда 60-қа жуық үйірмеге тегін қатыса алады. Қазірдің өзінде 20 бала лагерьге тегін қатысып жатыр. Осы орайда Түркістан қаласындағы кез-келген бала «Оқушылар сарайына» келіп өздері қалаған тегін үйірмелерге жазылуына болады. Лагерь таңғы 9:00-ден түскі 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жалпы Оқушылар сарайында жас жеткіншектердің шығармашылық қабілетін дамытып, бос уақытын тиімді ұйымдастыруына барлық мүмкіндік жасалған. Онда технопарк, «Sana» IT орталығы, өнер орталығы, тіл үйрету орталығымен қоса ғылым орталығы бар. Бұдан бөлек, балаларға арналған шығармашылық орталығы, шахмат, балалар тележурналистикасы, анимация, фото-бейне түсірілімдерді монтаждау секілді 60-қа жуық үйірме жұмыс істейді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі