Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
29 May 2024

«Кітаппен дос болсаң»

Отырар аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітаппен дос болсаң» атты тақырыпта қызықтыру сағаты өткізілді.

«Ердаулет» бөбекжай - балабақшасының бүлдіршіндерінің қатысуымен өткен шарада балаларға кітап алу, ұстау ережесі туралы ақпарат беріліп, кітап оқудың пайдасы, кітаптардың өңделіп шығу тарихы туралы мағлұмат берілді.

Балалар әдемі безендірілген жаңа кітаптарды қызыға тамашалады.

Сондай-ақ, балаларды кітапқа қызықтыру мақсатында ертегі кітаптардан үзінді оқылып, қызықты сахналық көріністер көрсетілді.