Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
17 May 2024

17 мамыр Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толады

«Мен елімнің болашақта емес, бүгін бақытты болғанын қалаймын» деген Президентімізге мықты денсаулық, қажымас қайрат тілейміз! Қазақ Елі бай - қуатты болсын!

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматыда қаласында дүниеге келген.

Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасының бұрынғы премьер-министрі (1999-2002),

2013 жылдың 16 қазанынан бастап ҚР Парламенті Сенатының төрағасы қызметін атқарды.

1. Полиглот

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ана тілінен бөлек, орыс, ағылшын және қытай тілдерін жетік меңгерген. Сондай-ақ, француз тілінде сөйлей алады.

2. Қаламгер

Қасым-Жомарттың әкесі Кемел Тоқаев танымал жазушы болған. Қазақстандағы детектив жанрының негізін қалаушы. "Әке көрген оқ жонар" демекші, Қасым-Жомарт та жазушылыққа ден қойған. Бірақ детектив жанрында емес, мемуарлық очерктер жазып келеді. Оның ішінде тәуелсіз Қазақстанның халықаралық қатынастарына арналған біршама туындылары бар. 10 кітап пен бірқатар мақалалар авторы. Бос уақытында кітап оқығанды ұнатады.

3. Үстел теннисі шебері

Қасым-Жомарт Тоқаев саламатты өмір салтын берік ұстанады. Мектепте оқып жүрген кезінде үстел теннисінен КСРО спорт шеберлігіне кандидат болған. Ал 2016-2018 жылдар аралығында Қазақстан үстел теннисі федерациясын басқарды.

Былтыр Батыс Қазақстан облысына сапары барысында жастармен үстел теннисін ойнады.

//Балалар әлемі.-2024.-№5.-2-3б.