Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
07 Mar 2024

8 наурыз

Әйел - Ана, Әйел - Өмір, Әйел - тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі - өсиет, тұғыры биік.

Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналарымыз аман болсын!

Ардақты аналар, аяулы қыз-келіншектер, құрметті әріптестер! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі құтты болсын!

Ізгі тілекпен: Отырар аудандық балалар кітапханасының ұжымы