Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
15 Feb 2024

«Ауған асуында от кешкендер»

Еліміз үшін 10 жылға жуық уақытқа созылған  ауған соғысының жарасы әлі жазыла қойған жоқ. Ресми деректерге сүйенсек, қазақ елінен аттанған ұландарымыздың 21-і із-түзсіз жоғалып кеткен. 924 сарбазға ауған жерінен топырақ бұйырған. Ал, 1015 арыстай азамат елге мүгедек болып оралған. Қаншама қазақ отбасына қасірет әкелген Ауғанстан соғысы біз үшін осылай аяқталған болатын.

Ауған соғысына Отырар ауданынан 32 азамат аттанса, бүгінде солардың 9-ы арамызда. Бүгінгі күні интернационалист - жауынгерлер еліміздің өркендеп, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына өз үлестерін қосып келеді.

Бүгін, ақпан айының 15-і күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шығарылғанына 35 жыл толуына орай, Отырар аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Ауған асуында от кешкендер» атты тақырыпта патриоттық сағат өткізілді.

Шараға Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп - гимназиясының 7 сынып оқушылары, сынып жетекшісі З. Тілекеева қатысты.

Кітапханашы Ұ.Пәттел қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, Отанды қорғауға дайын болуға шақырды.

Шара барысында "Ауған соғысы" атты бейнебаян көрсетіліп, оқушылар күй тартып, өлеңдер оқыды.