Сәуір айының соңы мен мамырдың басында болатын суықты "тобылғыжарған" дейді. Тобылғы бүршік жарғанда болатын екі -үш күндік суықта тобылғы, қараған бүршігін жарады. Кейбіреулер бұл уақытта болатын суықты "Құралайдың" суығымен шатастырып жүр. Сәуір айының соңында болатын суықта түз ағашы – тобылғы бүршік жарып, өсімдіктер тамыр жаяды. Ары қарай шуақты көктемнің шырайы кіре бастайды.
Қазақ аттан ауып, қолынан қамшы түскен соң, тобылғысын да ұмытуға айналды. Тобылғы маусымы туып, амалы өтіп жатқан соң, мұны да еске салғанның артығы жоқ.
9 мамыр-Қызыл жұмыртқа. Бір күндік салқын. Осы күні адал құстар қаз-үйрек жұмыртқасын жарып, қызыл-шақа балапанын шығарады.
Ал, "құралайдың суығы" мамырдың 15- нен басталады. Бір апта ызғарлы суықта ақбөкендер құралайын өргізеді.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.