Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
04 May 2024

«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: ОТЫРАРЛЫҚТАР ҚАРИЯЛАРҒА КӨМЕК БЕРУІН ЖАЛҒАСТЫРУДА


«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығында отырарлық жастар аудандағы мұқтаж азаматтар мен жалғызбасты қарттардың ауласында тазалық жұмыстарын жүргізуін жалғастыруда. Игі шара аясында

тұрғын үйлер ауласындағы бау-бақшалар мен қоршаулар ретке келтіріліп, ағаштар оталып, қоқыстан тазартылуда. Қариялар ауласын ретке келтіріп, тұрғын үйін әрлеп берген жастар мен еріктілерге ақ батасын беріп жатыр.

Бүгінде Отырар ауданында акция аясында көгалдандыру және тазалық шаралары белсенді түрде жүргізілуде. Науқанның әрбір күніне іс-шаралар бекітіліп, үш апта көлемінде көшеттер отырғызылып, абаттандырылды. Еске сала кетейік, бүгін 4- мамыр - «Өнегелі ұрпақ» апталығының соңғы күні, алдағы 6-11 мамыр аралығы – «Мөлдір бұлақ» апталығы басталады.