Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
03 May 2024

9 мамыр - Ұлы Жеңіс Күні!


Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.

Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Ұлы бабалардың ерлігін дәріптеу, Ұлы Жеңістің бағасын сезіндіру мақсатында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Т.Ибрагимов мектебінде «Қаһарман ұрпаққа тағзым» атты тарихи - танымдық кеш өткізілді.

Шараға қатысушы ұстаздар мен оқушылар назарына кең көлемді кітап көрмесі ұсынылды. Кітап көрмесін таныстыру барысында биыл туғандарына 100 жыл толып отырған Рейхстагқа Кеңес одағының туын тіккен, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев пен Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтердің ерлігі туралы арнайы деректер, мағлұматтар айтылды.

Оқушылар Ұлы Жеңістің құрметіне орай ақындардың өлеңдерін оқып, көпшіліктің ықыласына бөленді.