Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
03 May 2024

«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: САЙРАМДА АРДАГЕРЛЕРДІҢ ҮЙ АУЛАСЫНДА СЕНБІЛІКТЕР ӨТІП ЖАТЫР


Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы экоакцияның «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында қайырымдылық әрі тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. 

Игі іске белсене кіріскен азаматтар Ақсу ауылының тұрғыны, ардагер ұстаз Нина әжейдің үйіне барып, ауласындағы қураған ағаштарды бұтап, тазалық жұмыстарын жүргізді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясындағы жұмыстар алдағы күндері қарқын алатын болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі