Республика көлемінде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық науқанының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Отырар ауданына қарасты Маяқұм ауыл округінің тұрғындары мен белсенді жастары гүл көшеттерін отырғызып, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сенбілік барысында ауылдағы саябақтарды абаттандыру, гүл көшеттерін егу, жол жиектеріндегі қоршауларды сырлау, төңіректі арамшөптерден тазарту, ағаштарды әктеу жұмыстары ұйымдастырылуда.
Алдымызда 27 сәуірден 4 мамырға дейін «Мөлдір бұлақ» апталығы өткізіледі.
Барша Қазақстандықтарды «Таза Қазақстан» Республикалық экоакциясына қатысып тұрғын үйлеріміздің алдының тазалығын сақтауға, көшелерімізді абаттандырып ретке келтіруге шақырамыз.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.