Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Қазыналы керуен - 2024» облыстық акциясы болып өтті. Акцияның басты мақсаты – аудандық әріптестік байланысты нығайта отырып, тарихымызды насихаттау.
Акцияның қонақтары – Отырар , Арыс аудандық кітапханалары мен Түркістан қаласының орталық кітапханасы.
Отырар аудандық орталық кітапахана қызметкерлері мәдени шара барысында зиялы қауым өкілдері мен қонақтарға, жалпы көрерменге ұлттық тағамдарды таныстырып, «Ақ бүршік жарған, қош келдің, Көктем!» әдеби композициясы мен өлкелік ақындардың өлеңдерін жатқа оқып, көпшілік көңілінен шыға білді. «Ұлы дала тарихы» бөлімінде «Сақ патшайымы – Зарина» туралы сахналық қойылым , "Жаңа Қазақстан" бөлімінде "Отырар - чемпиондар мекені" тақырыбымен спорт шеберлері мен чемпиондардың спорттық шоуы көрсетіліп, көрермен қошеметіне бөленді.
Шара барысында «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова, Отырар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сағынтай Құттыбай, Түркістан қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Динара Жіпсібаева, мәдениет қайраткері Әмірхан Жұмағұлов қорытынды сөз сөйлеп, акцияның оқырманға берері мол тағылымды шара екендігін айтып өтті.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.