Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
01 Apr 2024

Үш кітап пен бір кем дүние


...Қазақ қоғамының бүгінгі күрмеулі мәселесінің бірі - оқу. Анығырақ айтқанда, оқырманның қазақ көркем шығармаларын оқуы. Бұл мәселенің айтылып жүргеніне көп жыл болды, һәм айтыла беретін секілді. Расында, қазіргі оқырман кімдерді оқып жүр? Қандай жанрдағы кітаптар көп оқылады?

Әдеби сауалнамамыздың кезекті қонағы - жазушы Есболат Айдабосын. Дәстүрлі сұрақ: не оқып жүрсіз?

- Соңғы оқыған үш кітап туралы айтайын. Біріншісі - Әлихан Жақсылықтың «Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?» деген романы. Сөзінде селкеуі жоқ, идеясы берік, сюжеті мығым, өзіне тән тілі, көркемдігі, аурасы бар шығарма.

Екіншісі - Жүсіпбек Қорғасбектің «Құстың тілін білетін сары бала мен қара өгіз» деген хикаяты. Бұл шығарма туралы әлеуметтік желіде жақсы пікірлер айтылып, «Адырна" сайты жүргізген сауалнама бойынша «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ХИКАЯТЫ» болып танылыпты. Жүсіпбек ағамыздың бұл хикаятының өзіндік сөзі бар, стилі бар, мистикаға жақын шығарма екен.

Үшіншісі - Ғалымбек Елубайдың «Жүз жетінші көктем» жинағы. Жазушы қысқа, нұсқа жазудың шебері екен. Әзірге 7-8 әңгімесін ғана оқып риза болдым.

Маржан Әбіш.

Егемен Қазақстан. 28 наурыз, 2024 жыл. 11 бет.