«Оқитын ұлт» жобасы аясында жасалған жоспарға сәйкес орталық кітапхананың ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың атаулы күндері мен «Бір ел - бір кітап», «Бір өлке - бір кітап» акцияларын насихаттау мақсатында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы мектеп-лицейінде «Отырар - оқитын өлке», «Әлемді тану үшін кітап оқы!» атты кең көлемдегі жылжымалы кітап көрмесінің таныстырылымы өткізілді.
Шара барысында мектеп оқушылары кітаппен жақсы дос екендіктерін көрсетіп, өздері сүйіп оқитын ақын-жазушылардың өлеңдерін оқып, оқыған кітаптары туралы бөлісті. Олар Абайдың, Жамбылдың, М.Шахановтың және Ә.Қалыбекованың өлеңдерін жарыса жатқа айтып, кітапхана тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.
Балалар кітапханасының қызметкерлері оқырман балалар арасында викториналық сұрақтар ұйымдастырып, сұраққа дұрыс жауап берген балаларға сыйлықтар үлестірді.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.